Наурыз тойындағы лаңкестік жарылыстан 29 адам көз жұмды

0
53
дереккөзден

Ауғанстан астанасы Қабылдың батысында Наурыз мерекесі тойланып жатқан ауданда болған лаңкестік жарылыстан елуге жуық адам жарақаттанып, 29 адам қаза тапты. Бұл туралы Еuronews хабарлайды.

Наурыз мерекесін тойлауға жиналған жүзге жуық адамның арасында лаңкес өзін-өзі жарып жіберген.

Кем дегенде 29 адамның өмірін жалмаған жарылсты ДАИШ лаңкестік ұйымы өз мойнына алды. Бүгінгі жарылыс – ДАИШ ұйымының бұл жылдағы алғашқы қанды қырғыны емес. Жыл бастала салысымен аталған топтың жанкештілерінің қолынан жүздеген адам қазақ тапқан.

Бұған дейін ұйым лаңкестерінің басты мақсаты – билік пен полиция қызметі болса, қазіргі уақытта террорлық ұйымдардың бағыты күрт ауысып отыр. Лаңкестік ұйым бүгінде әскери академиялармен қоса шиит мешіттерін нысанаға алған.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз