Путин: «Қазақстан – біздің көршіміз ғана емес, стратегиялық әріптесіміз»

0
76
дереккөзден

Ресей Федерациясының президенті Владимир Путин Ресейдің Қазақстандағы жаңа елшісі Алексей Бородавкинмен Астана мен Мәскеу арасындағы қарым-қатынасты дамыту мәселесін талқылады. Бұл туралы ТАСС агенттігі хабарлайды.

Владимир Путин Ресейдің Қазақстандағы жаңадан тағайындалған елшісімен сөйлесу барысында: «Қазақстан – біздің көршіміз ғана емес, ынтымақтастық қарым-қатынасымыз тереңге бойлаған стратегиялық әріптес және одақтас ел. Бұл бір жағынан өте жағымды, екінші жағынан үлкен жауапкершілікті қажет тұтатын жауапты миссия. Екі елдің өзара қарым-қатынастарындағы мәселелерді егжей-тегжейлі талқылауды тапсырамын»,  – деді.

Өз кезегінде Бородавкин сенімді ақтауға тырысатынын және өзіне жүктелген жауапкершілігін жақсы түсінетінін жеткізді.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз