Бензин бағасы 165 теңгеге дейін өсуі ықтимал

0
68

Қазақстанда AИ-92 маркалы бензиннің бағасы 165 теңгеге дейін көтерілуі мүмкін, деп хабарлайды informburo.kz.

Сенатта өткен отырыста энергетика вице-министрі Бақытжан Жақсалиев «Бүгінде нарыққа бензин жеткізуді тұрақтандыру үшін «ҚазМұнайГаз» Ресей нарығынан қажетті мөлшерде бензин сатып алды. Сөзсіз ол жақтағы бағалар Қазақстанға қарағанда әлдеқайда жоғары. Қазіргі таңда ҚазМұнайГаз үлкен шығындарға ие. Және бұл шығындар әлі толығымен жабыла қойған жоқ. Бірақ соған қарамастан бензин бағасының қымбаттауы жүзеге асырылып жатыр. Алдағы уақытта та бензин бағасы 165тг-ге дейін көтерілуі мүмкін», деп мәлімдеді.

Сонымен қоса Вице-министр елдегі басты мұнай өңдеу зауыттарындағы жөндеу мерзімі қараша айының соңында аяқталатынын атап өтті.

Бақытжан Жақсалиев «Мұнай өңдеуді 2018 жылы  15 млн. тоннаға дейін жеткізуді жоспарлап отырмыз. Бұл елдегі отын жетіспеушілігін ескермей, барлық қажеттіліктерді жабатын болады. Қазіргі уақытта зауыттың барлық жөндеу жұмыстарын ескере отырып ағымдағы жылдың қараша айында жөндеу жұмыстарының аяқталғаннан кейін жағдайды тұрақтандыруға болады деп ойлаймын », – деп қоса кетті.

Елдегі бензиннің 40% ресейлік нарыққа тиесілі болғандықтан ірі жанар-жағармай бекеттеріндегі бензиннің бағасы орташа есеппен 160-161 теңгеге дейін өсуі мүмкін. Ал қараша айында Павлодар мұнай өңдеу зауытының іске қосылуы қарсаңында еліміздегі үш зауыт толық жұмыс жасап  ресейлік бензиннің Қазақстандағы үлесі азаятын болады. Кейін қараша айының жартысында баға 160 теңгеден біршама төмендеуі мүмкін.

17 қазанда ҚР Үкіметінің отырысында Энергетика министрі Қанат Бозымбаев бензинді келесі аптада қалыпқа келтірілетінін және қараша айында Энергетика министрлігі отын бағасын төмендету мүмкіндіктерін қарастыратын болады деп уәде берген болатын.

Қазіргі таңда Астана қаласында АИ-92 маркалы бензиннің бағасы 158 теңгені құрайды.

Жадыра Аманбайқызы

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз