Сирия жөніндегі кездесулердің уақыты белгілі болды

0
85

Ұрыс іс-қимылдарын  тоқтату режиміне кепілгер елдердің өзара келісуімен, Астана процесі аясындағы Сирия жөнінде жоғары деңгейдегі жетінші халықаралық кездесу 2017 жылы 30-31 қазанда өтеді деп жоспарлануда.

Келіссөздер барысында тұтқындарды, қамауда отырғандарды босату, қаза тапқандардың денелерін беру және із-түзсіз жоғалғандарды іздестіру бойынша жұмыс тобының ережесін бекіту жоспарланнуда.

Қазіргі таңда тараптар халықаралық терроризммен күрес мәселелерін қарастыруға және Сирияны гуманитарлық минадан тазарту жұмыстарын жүргізу туралы бірлескен мәлімдемені қабылдауға ниет білдіріп отыр. Сондай-ақ келіссөз барысында өзара қызығушылық тудыратын басқа да мәселелердің талқылануы ықтимал.

Астанада қыркүйекте өткен келіссөздердің алтыншы раунды тараптардың Сирияда деэскалация аймақтарын құру туралы меморандум ережелерін іске асыру және Астана процесі аясында осыған дейін қабылданған басқа да шешімдердің орындалуы бойынша жұмысты жалғастыруға ниеті расталған бірлескен мәлімдемені қабылдаумен аяқталған болатын. Өткізілген келісім оң нәтижелерін беріп Сирияда құрылған деэскалация аймақтары аталған қақтығыстың көлемін едәуір төмендетіп Сириядағы гуманитарлық жағдайды жақсартуға мүмкіндік берген еді.

Жадыра Аманбайызы

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз