Қазақстанда қазіргі уақытта бензин тапшылығы жоқ. Бұл туралы ҚР энергетика министрі Қанат Бозымбаев Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында мәлім етті.
Министа «Қазақстанда бензин тапшылығы жоқ. Менің ойымша, бензин бағасы түсуі мүмкін. Өйткені қазіргі уақытта бензин көлемі артығымен бар», – деп мәлімдеді.
Бұған дейін энергетика министрі үш мұнай өңдеу зауытын модернизациялауды аяқтағаннан кейін Қазақстан ішкі нарықты бензинмен қамтамасыз ете алады деп хабарлаған болатын.