Франция Саудияны қару-жарақпен қамтамасыз етпек

0
73
Сауд Арабиясының мұрагер ханзадасы Мұхаммед бен Салман және Франция президенті Эмануель Макрон/дереккөзден

Эр-Риядтың Йеменмен қарулы қақтығысқа түсіп жатқанына қарамастан, Франция Сауд Арабиясына қару-жарақ жеткізуге ниетті. Бұл туралы Сауд Арабиясының мұрагер ханзадасы Мұхаммед бен Салманмен кездесу қорытындысы бойынша Франция президенті Эммануель Макрон мәлімдеді.

«Әскери техниканы сатуға арналған әрбір арнайы шартқа ерекше қатаң талаптар негізінде мұқият талдау жүргізіледі. Есепке халықаралық гуманитарлық құқық, халыққа қауіп төндірмеу де алынады», – деп мәлімдейді Франция президенті.

Euronews таратқан ақпарға сәйкес, Францияның Сауд Арабиясына қару-жарақ жеткізуіне бірқатар халықаралық құқық қорғау органдары қарсы шықты. Олар Парижді ондаған мың адам құрбан болған әскери кикілжіңге демеушілік жасады, деп айыптады.

Сафина Саид

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз