Бес облыста қатқақ күтілуде

0
302
дереккөзден

Қазақстандағы бірқатар облыстарда дауылды ескерту жарияланды.

“Қазгидромет” болжамына сәйкес, 31 тамыз Солтүстік Қазақстан облысында солтүстіктен жылдамдығы секундына 15-20, кей аймақтарда секундына 25 метр жылдамдықта жел соғады. Кей аймақтарда күн күркіреп, тұман болады.

1-2 қыркүйек Солтүстік Қазақстанда кей аймақтарда 3°С-қа дейін қатқақ күтілуде.

Ақмола, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар облыстарында, Қарағанды облысында түнде 2-3 қыркүйекте, ал 3 қыркүйек түнде Шығыс Қазақстан облысында кей аймақтарда 3°С-қа дейін қатқақ күтілуде.

Астана қаласында 1-2 қыркүйек түнде топырақта 2°С-қа дейін қатқақ болады.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз