Н. Назарбаев Қырғызстандағы Дүниежүзілік көшпенділер ойынына барады

0
186
дереккөзден

3 қыркүйек Қырғызстанда түркітілдес мемлекеттер ынтымақтастық Кеңесі ел басшыларының VI саммиті өтеді. Бұл туралы Қырғызстан Республикасы президентінің баспасөз қызметі хабарлайды.

Аталған саммит Қырғызстанның Ыстық көл облысы, Шолпан-Ата қаласында өтеді . Саммитке Қырғызстан басшысы С. Жээнбеков, Қазақстан басшысы Н. Назарбаев, Әзірбайжан басшысы И. Әлиев, Түркия басшысы Р. Ердоған қатысады деп күтілуде.

Түркіменстан басшысы Г. Бердімұхамедов, Өзбекстан басшысы Ш. Мирзиёев және Венгрия премьер-министрі В. Орбан аталған саммитке құрметті қонақ ретінде қатысады.

Отырыс қорытындысы бойынша бірлескен құжат қабылданады деп хабарланады.

Түркітілдес мемлекеттер ынтымақтастық Кеңесі ел басшылары саммитінің төрағалығы Қазақстаннан Қырғызстанға өтеді.


Атап өтерлігі, Қырғызстандағы Шолпан-Атада 2-8 қыркүйек аралығында ІІІ Дүниежүзілік көшпенділер ойыны өтеді. Әлемнің 80 елінен 3000-ға жуық спортшы қатысатын сайыс 37 ұлттық спорт ойындары түрінен өтеді. Спорттық ойын түрлерінің 30-нан бақ сынайтын Қазақстан құрамасынан 200 спортшы өнер көрсетеді.

Сафина Саид

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз