Желтоқсан айының 13-і күні Елбасымыз Н.Ә. Назарбаевтың «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының 79-қадамына сай білім саласын кезең-кезеңімен ағылшын тіліне ауыстыруға байланысты қажетті ресурс қорларын даярлап, дамыту бойынша «USTAZ» Professional Learning Center («USTAZ» кәсіби жетілдіру орталығы) мен Астана бизнес және технология мектебі (Astana school of business and technology) «Билингвалды пән мұғалімдері» курстарының қорытынды пресс-конференциясын өткізді.
ҚР Білім және ғылым министрлігінің тапсырысы негізінде республика орта мектептерінің жалпы саны үш мыңнан астам «Биология», «Химия», «Физика», «Информатика» пәндері мұғалімдерінің біліктілігін арттыру курстары ағымдағы жылдың 11 сәуірінен бастап «Билингвалды пән мұғалімі» авторлық білім беру бағдарламасы бойынша «USTAZ» кәсіби жетілдіру орталығы ЖШС (республиканың 23 өңіріндегі 1693 мұғалім) және «Astana school of business and technology» ЖШС (еліміздің 30 өңірінде 1461 мұғалім) тарапынан жүргізіліп келді.
Курстардың мақсаты – аталған пән мұғалімдерін ағылшын тіліне, пәндік методиканы және өз пәнін ағылшын тілінде оқыту негіздеріне үйрету.
Курс нәтижелері бойынша тыңдаушылар CEFR (Common European Framework of Reference) шкаласы бойынша тілді меңгеру деңгейі көрсетілетін халықаралық үлгідегі сертификатқа ие болды.
«USTAZ» кәсіби жетілдіру орталығында оқыған 1693 адам емтиханға қатысып, B1 дәрежесі және одан да жоғары нәтижеге қол жеткізді және ағылшын тілін меңгеру деңгейін тілдік құзыреттіліктің жалпыеуропалық шкаласына (CEFR) сәйкес B1 және одан жоғарғы деңгейлі сертификаттарына ие болды. Бұл дегеніміз – өз пәні бойынша тақырыптық терминологияны ағылшын тілінде игеріп, ағылшын тілінен сабақ беру үшін біріктірілген пәндік-тілдік оқыту (CLIL) әдістемесін қолдануды меңгерді деген сөз.
Пресс-конференцияда ҚР БҒМ Мектепке дейінгі және орта білім департамент директоры орынбасары Маусымбаева Айнұр Толқынқызы, «USTAZ» Professional Learning Center ЖШС Бас директоры Базарбаев Нұрболат пен «Astana school of business and technology» ЖШС Атқарушы директоры Бекмұсаев Айдос мырзалар курс бойынша қорытынды мәлімдемелер жасады.