Иерусалимді Палестина астанасы ретінде жариялау ұсынылды

0
141

Түркия президенті Реджеп Тайып Ердоған Иерусалимді Палестина астанасы деп жариялауды ұсынды, деп хабарлайды news.rambler.ru агенттігі.

Түрік мемлекеті басшысының айтуы бойынша АҚШ Иерусалимді Израйльдің астанасы ретінде мойындауымен «Халықаралық нормаларды бұзды».

Р.Т.Ердоған Иерусалимді Палестинаның астанасы ретінде жариялауды ұсына отырып, АҚШ басшысы Дональд Трамптың шешімін айыптаған елдерге алғыс білдірді.

Түркия президенті «Мен БҰҰ-на мүше 196 елдің өздерінің дұрыс позициясын көрсететініне сенімдімін: АҚШ ядролық держава болуы мүмкін, бірақ бүкіл әлем оларға тиесілі емес» деді.

Еске сала кетейік, өткен жұма АҚШ президенті Дональд Трамп Иерусалимді Израйль астанасы етінде мойындайтынын және Америка елшілігінің Тель-Авивтен Иерусалимге ауыстыру туралы құжатқа қол қойған болатын.

АҚШ-тың бұл шешімі Израйльде оң қабылданған болса, көптеген елдердің, негізінен Таяу Шығыс пен Палестина елдерінің теріс реакциясын тудырды.

Жадыра Аманбайқызы

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз