Қазақстанда жыл басынан бері 140 бала терезеден құлаған. Оның 90 пайызы қайғылы жағдаймен аяқталды. Бұл Төтенше жағдайлар министрлігінің статистикасы, деп хабарлайды Kazaknews.kz агенттігі 24.kz сайтына сілтеме жасап.
Жалпы өткен жылы елімізде 100-ден астам бала терезеден құлап, 25-і көз жұмған. ТЖМ ресми өкілі Жанна Дәуренбекованың айтуынша мұндай оқиғалардың болу себебі – ата-аналардың дұрыс қарамауы балаларын, қараусыз қалдыруы, абайсыздығы.
Сарапшылар балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін осыған байланысты заңды күшейту керегін айтады.
«Шетелдік әріптестермен тәжірибе алмасу қажет. Баланың қауіпсіздігіне жауап беретін бірнеше бағыттағы арнайы ведомстволарды іске қосу маңызды. Олардың қызметі нақты айқындалса, келесі жылдың соңына дейін мәселенің 70 пайызы шешілер еді», – дейді ҚР БҰҰ Балалар қорының балалар өмірі бойынша бағдарлама үйлестірушісі Анна Стативкина.
Оқи отырыңыз: Көпқабатты үйде тұратындар балаларын терезеден құлап кетуден қалай қорғайды?