Биыл үйірлі шегіртке зиянкестерімен күресуге республикалық бюджеттен 3,8 млрд теңге бөлінген, деп хабарлайды Kazaknews.kz тілшісі.
Ауыл шаруашылығы министрлігінің мәліметінше шегіртке 1,6 млн га аумаққа таралуы мүмкін деп мамандар болжаған. Бүгінгі таңда 385,3 мың га алаңда пестицидтердің қажетті қоры қалыптастырылды.
Аумақтарды өңдеуге мамандандырылған техника, оның ішінде жер үсті және әуе көлігі жұмылдырылатын болады.
Бүгінгі таңда Түркістан облысында мароккалық шегіртке дернәсілдерінің пайда болғаны анықталған.
Аймаққа пестицидтер толығымен жеткізілген. 8-9 сәуірде өңдеу іс-шараларын бастау жоспарланған.
Басқа аймақтарда жерді химиялық өңдеу жұмыстары шегірткенің таралу ошағы анықталған кезде басталады. Көршілес мемлекеттермен шекаралас аумақта бірлескен зерттеу жүргізілетін болады.