Қазақстан су добынан халықаралық турнирде жеңімпаз атанды

0
128
фото: спорт министрлігі сайтынан

Су добынан Қазақстан құрамасы Сербияда өткен халықаралық турнирдің жеңімпазы атанды, деп хабарлайды Kazaknews.kz тілшісі.

Бече қаласында өткен жарысқа Еуропа мен Азия елдерінен 12 команда қатысқан.

“Біздің спортшылар Испания, Германия, Сербия және т.б. мемлекеттерден келген қарсыластарынан басым түсті. Ал ұлттық құрама капитаны Егор Белоусов турнирдің үздік ойыншысы атанды”,– деп жазды спорт министрі өзінің Фейсбук парақшасында.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз