21 қыркүйек Ақмола облысы Бурабай ауылында жаңа мешіттің ашылу салтанаты өтті. Жиында сөз алған Ақмола облысының әкімі Мәлік Мырзалин мен бас мүфти Серікбай қажы Ораз өңір халқын құттықтап, жұртпен бірге жұма намазын оқыды.
Жаңа нысан салынбас бұрын орнында ағаштан салынған мешіт болған. Ол өрттеніп, халық бір жылдай мешітке бара алмады. 2018 жылдың қаңтар айында басталған құрылыс күні бүгін толықтай аяқталып халық игілігіне берілді. 150 адамға арналған ғибадат орны үш қабаттан тұрады. Оның ішінде ерлер мен әйелдерге арналған екі ғибадат бөлмесі, кітапхана, имамның кабинеті және 140 адамға арналған ас беру бөлмесі бар.
ҚМДБ қадағалауымен салынған жобаны ҚР президенті Іс Басқармасының “Кәсіпкерлік бастамаларды дамыту қоры” қаржыландырды.
Құрылыс аяқталған соң мешіт толықтай діни басқарманың қарауына өтті.