Орталық Азия БҰҰ Моделі конференциясы өтті

0
233

Назарбаев орталығында Халықаралық бейбітшілік күніне арналған Орталық Азия БҰҰ I Халықаралық Моделі конференциясы өтті. 

Орталық Азия БҰҰ Моделі – бұл БҰҰ шеңберіндегі жаһандық идеяларды талқылау тәртібінде өткізілетін халықаралық үнқатысу алаңы, онда жоғары оқу орнының студенттері мен мектеп оқушылары БҰҰ органдарының жұмысын көрсетуде.

Екі күнге созылатын халықаралық конференция алыс және жақын шет елдердің белсенді әрі елдің болашағына алаңдаушылық танытатын жастарын әлемдік қоғамдастықтың жаһандық проблемаларын шешуге жұмылдыру мақсатында өткізілді.

Конференцияға Қазақстаннан, сондай-ақ Әзірбайжан, Үндістан, Германия, Бангладеш, Қырғызстан, Ресей, Пәкістан, Ауғанстан, Сербия, Өзбекстан елдерінен екі жүзден астам делегаттар мен бақылаушылар қатысуда.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз