17 қаңтар күні Қазақстанның үш аймағы коронавирустың таралуы бойынша “қызыл” аймаққа кірді. Жалпы бес облыс эпидемиологиялық жағдайдың төмендеуіне байланысты қызыл аймақта тұр. Бұл туралы ұлттық қоғамдық денсаулық орталығы хабарлады.
“Қызыл” аймақ: Нұр-Сұлтан қаласы, Атырау, Ақмола, Қостанай және Павлодар облыстары.
“Сары” аймақ: Алматы қаласы, БҚО, СҚО және Алматы облысы.
“Жасыл” аймақ: Шымкен қаласы және Түркістан, Ақтөбе, Қызылорда, Қарағанды, Жамбыл, Шығыс Қазақстан, Маңғыстау облыстары.
Жалпы эпидемиологиялық жағдай бойынша Қазақстан “сары” аймақта тұр.
Атап өтейік, өткен тәулікте елде соңғы 5 айдағы антирекордтық көрсеткіш 978 адам тіркелді. Одан бөлек 15 адам коронавирус пен пневмониядан қайтыс болды.