Нұр-Сұлтанның бас санитары карантинге байланысты жаңа қаулы шығарды

0
251
Photo: astana.gov.kz

15 қаңтар күні Нұр-Сұлтан қаласының бас санитар дәрігері Сархат Бейсенова қаладағы карантин шараларына қатысты жаңа қаулы шығарды. Қаулы 18 қаңтар, дүйсенбіден бастап күшіне енеді.

Қаулыға сәйкес қала тұрғындары төмендегі ережелерді сақтауы қажет:

  1. ойын-сауық, спорттық және басқа да бұқаралық іс-шараларды, сондай-ақ отбасылық, еске алу іс-шараларын, оның ішінде үйде (банкеттер, үйлену тойлары, мерейтойлар, еске алу), митингілер, шерулер, жиындар және т. б. өткізуге тыйым салынды;
  2. міндетті түрде 2 метрден кем емес әлеуметтік қашықтықты сақтай отырып, жеке тәртіппен және 5 адамнан аспайтын топпен тек ашық ауада спорттық жаттығулар өткізуге рұқсат;
  3. бір отбасы мүшелерінен немесе 3 адамнан аспайтын топтардан басқа, экскурсиялық, корпоративтік, топтық табиғатқа шығуды ұйымдастыруға және қаланың көрікті жерлеріне шолу жасауға тыйым салынды;
  4. қызметі жаңартылмаған объектілерге: бильярд, караоке, боулинг-орталықтарға, батуттар, компьютерлік клубтарға, түнгі клубтарға, букмекерлік кеңселер мен ойын клубтарына, оның ішінде лотерея ұтыстарына, жабық ғимараттардағы ойын алаңдары мен аттракциондарға, спорттық объектілерде орналасқандарды қоспағанда, оның ішінде  мұзды және роликті сырғанақтарға баруға тыйым салынды;
  5. 65 жастан асқан адамдардың қала және қоғамдық орындар бойынша жүріп-тұруына шектеу қойылды;
  6. қоғамдық орындарға, оның ішінде қалалық қоғамдық көліктерге, қызметіне рұқсат етілген объектілерге барған кезде, сондай-ақ қоғамдық орындарда ашық ауада болған кезде (ашық ауада спортпен шұғылдану кезінде және 5 жасқа дейінгі балаларды қоспағанда) бетперде кию, қашықтықты сақтау және антисептиктерді пайдалану жөніндегі талаптарды қатаң сақтау.

Қаулының толық нұсқасын мына сілтемеден оқи аласыз.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз