Асқар Мамин қайтадан премьер-министр болды

0
318
Қазақстан премьер-министрі Асқар Мамин.

15 қаңтар күні Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Асқар Маминді қайтадан елдің премьер-министрі етіп тағайындады.

Күндіз парламенттің 7-шақырылым депутаттарының алғашқы сессиясында мәжіліс жаңа құрамының депутаттары Асқар Маминді премьер-министр ретінде қайта тағайындауды қолдаған.

Маминнің кандидатурасын 78 депутат қолдап, 21-і қалыс қалды. Қалыс қалғандар – өздерін парламенттегі “оппозиция” деп атайтын “Ақ жол” мен “Қазақстанның халық партиясы” мүшелері. Олар 10 қаңтар күнгі сайлаудан кейін мәжілістен 22 орын алған.

Заңнамаға сәйкес, мәжіліс сайлауынан кейін үкімет құрамы қайта жасақталуы тиіс.

55 жастағы Асқар Мамин 2016-2019 жылдар аралығында премьер-министрдің орынбасары болған. 2019 жылдың ақпан айынан бастап үкіметті басқарған.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз