Астанада жекеменшік балабақшалардың көлемі 2.5 есеге артты. Бұл туралы елорда әкімі Әсет Исекешев орталық коммуникациялар қызметінде «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру тақырыбына арналған брифингте мәлімдеді.
Әсет Исекешев: Қазіргі уақытта жеке инвесторлармен бірлесіп, елордада жалпы сомасы 5 млрд теңгеге 9 балабақша және «Қазатомөнеркәсіп», «Самұрық-Энерго» және «KEGOC» ұлттық компанияларымен құрылысы жүзеге асырылып жатқан 3 балабақша осы жылы пайдалануға беріледі.
Соңғы уақытта шағын бизнес инвесторлары тікелей негізде және мемлекеттік тапсырыс бойынша мектепке дейінгі білім беруді дамытуға белсенді қатысып келе жатқанын атап өткім келеді. Астанадаға жекеменшік балабақшалар 2,5 есеге өсті. Қазір олардың саны 188 және бұл мемлекеттік балабақша санынан екі есе артық. Бұл мектеп жасына дейінгі балалардың 80 процентін балабақшамен қамтамасыз етуге мүмкіндік берді.