Павлодардан Томск, Новосібірге ұшақтар бағыт алады

0
111
дереккөзден

S7 Airlines әуе компаниясы 30 мамырдан бастап Новосібірден Павлодарға тікелей қатынайды.

Қазақстанның Ресейдегі елшілігі таратқан ақпарға сәйкес, ұшу жұмасына екі рет – сәрсенбі және жексенбі күндері Embraer 170 ұшағы арқылы жүзеге асады. Аталған ұшақта 78 жолаушыға арналған орын бар.

17.35-те Новосібірден әуеге көтерілген ұшақ жергілікті уақыт бойынша сағат 18.00-де Павлодарға қонады. Сәйкесінше, 18.50, 21.00-дегі ұшу уақыты өзгермейді. Ұшу уақыты 1,5 сағатты құрайды, бір бағытқа ұшу құны – 3 мың рубль.

31 мамырдан бастап SCAT әуе компаниясы Томск-Астана бағытында ұша бастады. Ұшу жұмасына екі рет (дүйсенбі, бейсенбі) жүзеге асырылады.

Астанадан Томскка бағыт алатын лайнерлер 13.10-да ұшып (15.55-те тиісті қону алаңына жетеді), сағат 16.50-де кері бағытқа ұшады. Билет құны – 7 мың рубль.

Сафина Саид

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз