ХҚКО қызметкерлері 280 литр қан тапсырды

0
88
Қан тапсыру бойынша акцияға елдегі барлық ХҚКО қызметкерлері қатысты/ фото Мұрат Жұманбайдың Facebook парақшасынан

“Азаматтарға арналған үкімет” мемлекеттік корпорациясының 607 қызметкері ерікті донор ретінде 280 литр қан тапсырды. Бұл туралы өзінің Facebook парақшасында мемлекеттік корпорацияның қоғаммен байланыс департаментінің басшысы Мұрат Жұманбай хабарлады.

Әрбір қызметкер дәрігерлер арнайы келген қалалық қан орталықтары мен жекелеген мемлекеттік корпорацияларда қан тапсырды. Ерікті донорлар тапсырған қан түпкілікті зертханалық сараптамадан өтті.

“Азаматтарға арналған үкімет” корпорациясы қызметкерлері тапсырған қан өмірлерді сақтап қалуға сеп болады деп сенеміз”, – деп жазды М. Жұманбай өз парақшасында.

Атап өтерлігі астаналық студенттер қан тапсыруға донорлықты дамыту үшін қосымша ойлап тапты. Рузи Шихов пен Баян Кеженованың жобасы Astana Young Innovation байқауының қорытындысы бойынша үздік деп танылды.

 

Safina Said

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз