Қазақстанда қасқыр атуға тыйым салынды

0
285
Қасқыр.

Қазақстан территориясында қасқыр аулаудың лимиті бекітілді. Бұл туралы ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті хабарлады.

“Осы жылдың соңына дейін Ақмола, БҚО, Қарағанды, Қостанай және Павлодар облыстарында қасқыр атуға тыйым салынды”, – делінген хабарламада. 

Ауыл шаруашылығы министрлігінің мәліметінше, бұл өңірлерде аталған аңның түрі азайған. Атап айтсақ, Ақмола облысында 30 қасқыр қалса, Павлодар облысы бойынша бұл жануардың 194 басы ғана қалған. Ал, өткен жылдың дерегі бойынша жалпы ел аумағында 13 мыңнан аса қасқыр бар.

Ескере кететін жайт, жоғарыда аталған бес өңірде қасқырды тек қана адамға немесе үй жануарларына шабуыл жасағанда, сондай-ақ, ауылды елді мекен территориясында жүрген жағдайда ғана атуға рұқсат етіледі.

 

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз