Экологияны бұзған кәсіпорындарға салынатын айыппұл мөлшері артады

0
380

Қазақстан экологиясын бұзған кәсіпорындарға салынатын айыппұл мөлшері артады. Бұл туралы 17 қазанда Орталық комуникациялар қызметінде өткен экологиялық кодекстің негізгі қосымшалары туралы баспасөз конференциясында Ахметжан Пірімқұлов айтты.

Қазақстанның экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі Ахметжан Пірімқұлов жаңа Экологиялық кодекс жобасын осы жылдың желтоқсан айында Парламент қарауына енгізу жоспарланып отырғанын айтты.

Жазалау бойынша әкімшілік кодексте айыппұл көлемін он есе үлкейтіп жатырмыз. Егер кәсіпорындар бүгінгі күнде экологиялық кодексті бұзса, онда міндетті түрде айыппұл салынады. Заңды 2019 жылдың желтоқсан айында мәжілісте енгізіуіміз керек”, – деді вице-министр . 

“Жаңа экологиялық кодекс жобасы халықаралық экологиялық келісімдермен сәйкестікте болады. “Жасыл” экономика және қоршаған ортаны қорғау саласындағы экологиялық саясаттың жаңа бағытының басты мақсаты – халықтың экологиялық қауіпсіздігі мен өмір сүру деңгейінің тұрақты өсімін қамтамасыз етуіміз қажет “, – деді Ахметжан Пірімқұлов.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз