Көпқабатты үйде тұратындар балаларын терезеден құлап кетуден қалай қорғайды?

0
64
фото: kashalot.com

Кейінгі кездері жаңалықтар бетінен көпқабатты үйден балалардың құлап, қайтыс болып жатқаны туралы ақпарат кездесіп тұрады. Бұл әрине қайғылы жағдай. Осы мәселенің шешімі қандай деген сұраққа келер болсақ, бұл жағдайда ата-аналардың баласы үшін жасар ең жақсы амалдарының бірі терезеге тор орналастыру.

Бұл тор екіге бөлінеді. Біріншісі, мөлдір поликарбонат торы, екіншісі алюминий профильді тор. Поликарбонат тордың бағасы нарықта шамамен 1 терезеге 20 мың мен 30 мың теңге арасында болады. Ал, алюминий тор 10 мың мен 15 мың теңге аралығында.

Екі тордың айырмашылығы әрине біріншіден аты затына сай, біреуі мөлдір, екіншісі алюминий, яғни көзге көрініп тұрады. Ал, сапасы жағынан поликарбонат тор 100 кг-ға дейін, алюминий тор шамамен 60 кг-ға дейін ауырлықты көтереді.

фото: balakorgau.kz / алюминий профильді және мөлдір поликарбонат тор

Айта кетейік, терезеден көбінесе 2-8 жас аралығындағы балалар құлайды. Бұл жастағы балалар терезе алдында ойнаудың қауіпті екенін түсіне бермейді. Статистика бойынша елімізде жыл сайын кем дегенде 100 бала терезеден құлайды.

«Балалардың терезеден құлауы көп жағдайларда ата-ананың жауапсыздығынан немесе қауіпсіздік ережелеріне немқұрайлы қарауынан болып жатады», -дейді мамандар.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз