Келер жылы «9-20-25» бағдарламасы пайда болуы мүмкін

0
31
фото: Pixabay

2024 жылы 9-20-25 ипотекалық бағдарламасы іске қосылуы мүмкін. Бұл туралы «Отбасы банкі» АҚ басқарма төрағасы Ләззат Ибрагимова айтты, деп хабарлайды Kazaknews.kz тілшісі Kazinform-ге сілтеме жасап.

«Бұл бағдарлама (9-20-25 ипотекалық бағдарламасы) әлі басталмаған, ешқандай лимиті де жоқ. Бағдарлама біздің жоспарымызда, есептеп жатырмыз. Бізге жас отбасылардан «кезекке тұра алмаймыз, 4 баламыз жоқ, арнайы бағдарлама жасап беріңіздер» деген сынды өтініш көп келеді. Сол жоспарымызға қатысты ақпарат Интернетке тарап кетіпті. Ол бағдарлама болса, 2024 жылы ресми ақпаратын береміз», – деді басқарма төрағасы

Сонымен қатар ол аталған бағдарламаның жан-жақты шарттары мен тетіктері келер жылы ғана белгілі болатындығын атап өтті.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз