Депутат жұмыс орнында харассментке ұшырағандар жайлы сөз қозғады

0
29

Сенат депутаты Дархан Қыдырәлі, премьер-министр Әлихан Смайыловқа жұмыс орнындағы зорлық-зомбылыққа байланысты сұрақ жолдады.

 Сенатордың айтуынша елімізде заң бұзушылық кейінгі үш айда 4 есе өскен.

«Қоғамды тұрмыстық зорлық-зомбылық мәселесі айрықша алаңдатып отырғаны белгілі. Соңғы үш айда елімізде заң бұзушылықтың төрт есе артқаны соның айғағы. Кейбір азаматтар өзгелерге түрлі деңгейде тиісу, дөрекілік таныту, жәбір көрсету және қысым жасауды қалыпты жәйт ретінде қабылдайды. Қылмыстың кез-келген түрін ақтауға болмайды. Зорлық түбі ойран. Сондықтан зорлық-зомбылыққа ымырасыз болу мәдениетін дамытуымыз қажет», – деді депутат Дархан Қыдырәлі.

Депутат өз сөзін жалғастырып, зерттеу бойынша көптеген азамат жұмыс орнында харассментке ұшырайтынын айтты.

«БҰҰ және еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі бірлесіп жүргізген, еңбек саласындағы харассмент және зорлықтың деңгейін, негізгі себептерін зерттеу көрсеткендей жұмыс орнында харассмент мәселесі де өзекті. Зерттеуде респонденттердің жартысынан астамы Қазақстанда жұмыс орнында харассмент пен зорлықтың бар екенін растаған. Харассментке ұшырағандардың 57,6 пайызы, фактілердің бірнеше рет орын алғанын атап өткен. Бұл орайда харассменттің белгілі бір тұлғаға физикалық қана емес, ментальды және эмоциялық қысым көрсету екенін ескеру қажет», – дейді сенатор.

Зерттеу нәтижесі бойынша респонденттердің харассментке ұшыраған жері:

  • Тұрақты жұмыс орнында – 41 пайыз
  • Корпоративтік іс-шаралар – 38 пайыз

Сөз соңында депутат, өз сауалын нақтылап, премьер-министрге жолдады.

«Елімізде харассменттің алдын алатын арнайы заңның болмауы да үлкен мәселе. Жазаланбай жеңіл құтылатынын білетіндер түрлі жүгенсіздікке барады. Қазақстан заңнамаларында «жұмыс орнындағы харассмент» немесе зорлық-зомбылық ұғымдарын енгізу, мұндай заң бұзушылықтарға қарсы тиісті жазаны белгілеу қай деңгейде жүргізілуде?», – деп сауал жолдады Дархан Қыдырәлі.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз