Үкіметтік комиссия жүргізілген келіссөздерге байланысты ресми мәлімдеме жасады

0
403
фото: tengrinews.kz / Ералы Тоғжанов

5 қаңтарға қараған түні Үкіметтік комиссия басшысы және вице-премьер Ералы Тоғжанов Ақтау қаласындағы белсенділермен болған келіссөзге байланысты бейнеүндеу жариялады.

“Құрметті маңғыстаулықтар, ардақты ағайын! Киелі Маңғыстау мекенінің мен үшін орны ерекше екені белгілі. Екі жылдан аса осы өңірде өздеріңізбен қоян-қолтық қызмет ету бақыты бұйырды. Аймақ жұртшылығының еңбекқорлығына, ыстық ықыласы мен дархан пейіліне мен өзім куәмін. Өздеріңізге белгілі, Қазақстан Республикасы президентінің тікелей тапсырмасына сәйкес құрылған Үкіметтік комиссия бүгін бірқатар нақты шешімдер қабылдады және шұғыл түрде жүзеге асырылуда”, -делінген бейнеүндеуде.

Вице-премьердің хабарлауынша төмендегідей шешімдер жүзеге асырылуда:

  1. Сұйытылған газ 50 теңге/литр болып бекітілді. Облыс аумағында газ құнының мөлшерін саралау «ҚазМұнайГаз» акционерлік қоғамының есебінен жүзеге асырылады.
  2. Ғаламтор ресурстары іске қосылды
  3. Наразылық акцияларына қатысқандар құқық қорғау органдары тарапынан қудаланбайды
  4. “Қаражанбас” кен орнының жұмысшыларын Ақтау қаласына жеткізу үшін арнайы көліктер бөлінеді

Ералы Тұғжанов бұдан бөлек халықты әртүрлі арандатушылықтарға және соның салдарынан болатын әртүрлі тәртіп бұзушылықтарға жол бермеуге шақырды.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз