“Жарқын болашақтарыңа балта шаппаңыздар” Президент жолдауының толық мәтіні

0
84
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев. Photo: akorda.kz

5 қаңтарға қараған түні президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның көптеген аймақтарында болып жатқан наразылықтарға байланысты ресми мәлімдеме жасады. 

Президент мәлімдемесінің толық мәтінін назарларыңызға ұсынамыз:

Құрметті отандастар!

Қадірлі ағайын!

Баршаңызға тағы да айтарым: іштен және сырттан болған сан түрлі жалған ақпараттарға сеніп, ереуілге салынған топтың қитұрқы әрекеттері мен тәртіпсіздікке ермей, парасатпен және ақылмен ғана шешім қабылдауға шақырамын. Азаматтық және әскери мақсаттағы қызметтік ғимараттарға шабуыл жасауға үндейтін ұрандар мүлдем заңға қайшы келеді. Бұл – өрескел қылмыстық әрекет. Билік құламайды. Бірақ, бізге өзара сенім және өзара диалог керек.

Ал жастарға айтарым: жарқын болашақтарыңа балта шаппаңыздар, жақындарыңыз бен туған-туысқандарыңыздың жағдайын ойлаңыздар.

Жалпы, барлық заң аясындағы өтініштер мен талаптар ескеріледі, тиісті шешімдер қабылданады.

Ертең осы мәселелер бойынша арнайы жиналыс өтеді.

Мен баршаңыздың парасаттылықтарыңызға сенемін. Сіздердің амандықтарыңыз бен тұтас еліміздің қазіргі әлемдегі жағдайы осыған байланысты. (akorda.kz)

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз