22 сәуірде “Қазақ тілі әліпбиін кириллицадан латын графикасына көшірудің кейбір мәселелері туралы” Қазақстан президенті жарлығының жобасы жария түрде талқылауға қойылды.
Жарлыққа мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қол қойса Қазақстанда латын графикасына негізделген қазақ тілінің жаңа әліпбиі ресми түрде бекітілетін болады.
2021 жылы қаңтар айында шығарылған латын әліпбиінен жаңа нұсқасының айырмашылығы “Ң” әріпінің латынша нұсқасы өзгерген. Бұрын “Ƞ” әріпімен белгіленсе, соңғы нұсқасында “Ñ” әріпімен белгіленген.
Құжатты жария талқылау 2021 жылдың 6 мамырына дейін жалғасады. Оған мына сілтеме бойынша қатысуға болады.