«Өлі жандарға» жалақы төлеген. Абай облысындағы балалар үйінің басшылары ұсталды 

0
39

Абай облысы Үржар ауданының прокуратурасы Науалы балалар үйінің әкімшілігі қызметкерлерінің бюджет қаражатын 6 миллион теңгеден астам сомаға ұрлау фактісін анықтады, деп хабарлайды Бас прокуратура. 

Хабарламаға сәйкес, балалар үйінің директоры мен бас бухгалтері өздеріне жоғары жалақы төлеген, бағалы сыйлықақылар мен іссапар шығындарын көбейтіп көрсеткен.  

Бұдан бөлек «Өлі жандар» деп аталатын жұмыс істемейтін адамдарға жалақы төленген.

Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, 7 жылға дейін бас бостандығынан айыруды қарастырады. 

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз