iPhone-ды 24 сағат ішінде бір рет өшіріп тұруды ұсынды

0
235

Австралияның премьер-министрі Энтони Албанес iPhone смартфонын қолданушылардан 24 сағат сайын ұялы байланысты 5 минутқа өшіріп тұруды сұрады, деп хабарлайды «The Guardian».

Оның айтуынша, смартфон қосулы тұрған кезде хакерлер қашықтан орната алатын шпиондық бағдарламалар енгізуі мүмкін. Бұл жағдайда хакерлерге гаджеттердің операциялық жүйесіндегі осалдықты тауып, өздерінің зиянды бағдарламаларын іске қосу үшін қосымша уақыт қажет. Ал сіз смартфонды өшіру арқылы ол операцияны жоққа шығарасыз. 

«Әрқайсымыз өз өмірімізге жауаптымыз. Қарапайым кеңес: смартфонды әр түнде бес минутқа өшіріңіз. Мұны әр 24 сағат сайын, тістеріңізді тазалаған кезде немесе басқа жұмыстарды орындау кезінде жасаңыз», – дейді Австралия премьер-министрі.

Айта кетейік, АҚШ Ұлттық қауіпсіздік агенттігі де бұл кеңесті қолдайды және смартфондарды осы аптада кемінде бір рет өшіріп, қосуды ұсынады.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз