Ұлттық ұлан сарбазы басына оқ тиіп қайтыс болды

0
71
фото: halyq-uni.kz

ҚР Ұлттық ұлан 6636 әскери бөлімінде, әскери сарбаз күзет кезінде қайтыс болған, деп хабарлайды Kazaknews.kz тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

«9 қазанда 6636 әскери бөлімінде қатардағы жауынгер Қайсар Маратұлы Сұлтанов әскери қалашықты күзететін кезекші бөлімшенің құрамында қызметке кірісті. Штаб бойынша кезекші бөлімшенің командирі сағат 01.20 шамасында жауынгерлердің жұмысын тексеру кезінде қатардағы жауынгер Қ.М. Сұлтановты күзет бекетінен басындағы оқ жарақатымен тауып алған. Оқиға орнына келген жедел жәрдем қызметкерлері сарбаздың қайтыс болғанын мәлімдеді», – делінген хабарламада.

Оқиғаның себебі анықталып жатыр. Қызметтік тергеу басталған.

«6636 әскери бөлімінің қолбасшылығы қатардағы жауынгер Қ.М. Сұлтановтың туыстары мен жақындарына көңіл айтады», – дейді Ұлттық ұланнан.

Ведомство Қылмыстық-процессуалдық кодекстің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жарияланбайтынын мәлімдеді.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз