Азиада жүлдегерлеріне қанша сыйақы төленеді?

0
17

Қытайдың Ханчжоу қаласында өткен ХІХ жазғы Азия ойындарында Қазақстан 80 медаль жеңіп алды. Енді оларға қанша сыйақы төленетіні анықталды.

Қазақстан 10 алтын, 22 күміс және 48 қола медаль иеленді. № 1345 үкімет қаулысында Азиада чемпиондары мен жүлдегерлеріне берілетін сыйақы мөлшері көрсетілген. Оған сәйкес: – алтын медаль алғандарға 10 000 доллар; – күміс медаль алғандарға 5000 доллар; – қола медаль алғандарға 3000 доллар беріледі.

Чемпиондар мен жүлдегерлердің жаттықтырушыларына да тиісінше 5000, 3000 және 2000 доллар сыйақы төленеді.

Ал командалық сайыс түрлерінде әрбір спортшыға жеке-жеке сыйақы беріледі.

Айта кету керек, Азия ойындарының чемпиондары 140 мың доллар сыйақыға ие болады. Күміс жүлдегерлер 175 000, қола жүлдегерлер 291 мың доллар. Яғни спортшыларға кемі 606 000 доллар, яғни 288 миллион теңге сыйақы қарастырылған.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз