Ұлттық қордан балаларға: неге уәде етілген 160$-дың орнына 100$ түсті?

0
50
ашық дереккөзден

Қаржы вице-министрі Дәурен Темірбеков «Ұлттық қор – балаларға» жобасы аясында балалардың шотына неге уәде етілгеннен аз қаражат түскенін түсіндіріп берді, деп хабарлайды kazaknews.

Тілшілер вице-министрден бұған дейін 18 жасқа толмаған балаларға 150-160 доллар түсетіні айтылғанына қарамастан, неліктен қазір 100 доллардан түсіп жатқанын сұрады.

Дәурен Темірбеков осыған дейінгі есептеулер бойынша 160 доллар түсуі тиіс болғанын жоққа шығармады.

Президент 2022 жылы 1 қарашада тапсырма берді. Сол кездегі есептеулерге сәйкес, балалардың саны 6 400 000 болатын. Бүгінде балалардың саны – 6 917 000. Бөлініп жатқан қаражаттың сомасы – 695 млн доллар. Оны енді балалардың санына бөлсек, 100 доллар, 52 центтен шығып тұр”, – деп жауап берді вице-министр.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз