Оқушыға сабақ кезінде ұялы телефон пайдалануына тыйым салатын заң мақұлданды  

0
27

Сенаттың жалпы отырысында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне білім беру, тәлімгерлік және балалардың қауіпсіздігі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңы мақұлданды.

Заңның негізгі мақсаты білім беру саласындағы ұлттық заңнаманы, жетім балалардың, ата-анасының қамқорлығысыз қалған балалардың құқықтарын қорғауға және балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін заңнамаларды одан әрі жетілдіру болып табылады.

«Балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында заңнамада алғаш рет әкімдікке 30 жылдан астам пайдаланудағы білім беру ұйымдарының авариялық жағдайына және сейсмикалық тұрақтылығына әрбір 5 жыл сайын тексеруді қамтамасыз ету бойынша талап белгіленеді. Сонымен қатар, Заңмен қысқа мерзімді оқу жоспары бойынша талап етілетін жағдайларды қоспағанда, білім алушылардың сабақ кезінде ұялы телефондарды пайдалануына заң жүзінде тыйым салу ұсынылады», – деді сенатор Алтынбек Нухұлы.

Бұл Заңмен, білім беру және денсаулық сақтау объектілері жоқ көппәтерлі тұрғын үйлерді салуға тыйым салу да белгіленеді.

Қазіргі уақытта мұндай кешендердің тұрғындарының балалары жақын орналасқан мектептерге баруға мәжбүр. Бұл фактор мектепті үш ауысымда оқытуға әсер етеді.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз