Мәжілісте «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Кодекс жобасы таныстырылды

0
112

3-қазан  Мәжіліс үйінде Экология мәселелері және табиғат пайдалану комитетінде «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» ҚР Кодексі жобасының таныстырылымы болып өтті деп хабарлайды Мәжіліс Аппаратының баспасөз қызметі.

Таныстырылым барысында Мәжілістің экология мәселелері және табиғат пайдалану кеңесінің төрағасы Глеб Щегельский «Аталған заң жобасы Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың  2017 жылғы Қазақстан халқына жолдауында айтылған жер қойнауын пайдалану саласындағы нормаларды кодификациялау туралы тапсырмасына, сондай-ақ Ұлт жоспарының пайдалы қазбалар қоры жөнінде есеп берудің халықаралық стандарттар жүйесін және  жер қойнауын пайдалану жөніндегі келісімшарттардың оңтайландырылған әдісін енгізуді көздейтін 74 және 75-қадамдарына сәйкес әзірленген», деп мәлімдеді.

Депутат сонымен қоса Кодекс жобасында ұсынылған өзгерістерді іске асыру  еліміздің тұрақты экономикалық дамуы үшін минералдық-шикізат базасын толықтыруға және инвестициялық жағдайды жақсартуға ықпал ететінін атап өтті.

Инвестициялар және даму вице-министрі  Тимур Серікұлы «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасы Кодексі жобасының негізгі тұжырымдары туралы баяндама жасай отырып, жер қойнауын пайдалану саласын реттеудегі жаңаша бағыттарға тоқталып өтті.

Жаңа жобалар барысында пайдалы қазбалар қорын есепке алудың халықаралық  стандарттарға негізделген жүйесіне көшу, «бірінші өтінім» қағидаты бойынша жер қойнауын пайдалану құқығын берудің австралиялық моделін енгізу, геологиялық ақпараттық ашықтығын қамтамасыз ету, жер қойнауын пайдаланушылардың міндетті есептілігі, жер қойнауын пайдалану салдарын  жою тәртібін жетілдіру сынды тақырыптар талқыланды.

Сонымен қатар отырыс барысында энергетика бірінші вице-министрі М.Ж. Досмұхамбетов өз баяндамасында көмірсутектерді реттеу мәселелеріне  да аса назар аудартты.

Жадыра Аманбайқызы

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз