Н.Нығматулин: Заңда бюджеттің игерілуіне байланысты қатаң бақылау көрсетілу қажет

0
101

Бүгін Мәжілісте Нұрлан Нығматулиннің төрағалығымен өткен жалпы отырыста бюджет заңнамасын жетілдіруге бағытталған түзетулер мақұлданды. Мәжіліс баспасөз қызметі.

Нұрлан Нығматулин заң жобасының бюджет шығыстарының тиімділігін түбегейлі арттыруға және бюджеттік рәсімдерді оңайлатуға бағытталғанын алға тарта келіп: «Бізге нақты нәтиже керек. Тұрғын үйлер мен мектептер, бала-бақшалар және ауруханалар салу жобасын арттыру қажет.  Сонда ғана мемлекеттен бөлінген қаржылар экономиканы дамытуға, азаматтарды жұмыспен қамтуға, халықтың әл ауқатын арттыруға септігін тигізетін тапсырмаларды жүзеге асырамыз. Сонымен қоса заңнамадағы бюджеттің игерілуін қатаң бақылауға алу қажет», деді.

Қарастырылған заң жобасында бюджеттік бағдарламаларды іске асыруды оңайлату және мемлекеттік органдардың дербестілігін арттыру,  есепке жазу әдісімен бюджеттеуді біртіндеп енгізу, мемлекеттік және мемлекет кепілдік берген борышты реттеуді күшейту, мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерін  құру, дамыту үшін қажетті құжаттаманы дайындау рәсімдерін оңайлату бағыттары бойынша түзетулер қамтылған.

Жадыра Аманбайқызы

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз