Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекеттік туды көтеру рәсіміне қатысып, жоғары әскери оқу орындарының үздік түлектеріне офицерлік шен тапсырды, деп хабарлайды Kazaknews.kz Ақпараттық агенттігі.
Мемлекет басшысы сөзін, мемлекеттік рәміздер күнімен құттықтаудан бастады.
«Мемлекеттік рәміздер – егемендік пен елдіктің ең басты белгісі. Көк байрағымыз, Елтаңбамыз және Әнұранымыз – күллі халқымызға қастерлі нышандар. Біз үшін Тәуелсіздік – ең қымбат құндылық, ал туымыздың асқақ желбірегені – аса биік мәртебе», – деді президент.
Тоқаевтың айтуы бойынша биыл мемлекеттік рәміздерді қорлағандарды жазалау шарасы күшейтілді. Бұған арнайы түсіндіру жұмысын өткізуге ерекше көңіл бөлінген.
Бұдан бөлек шара барысында жоғары әскери оқу орындарының 12 үздік түлегі Қазақстан Президенті – Қарулы Күштердің Жоғарғы Бас қолбасшысының қолынан офицерлік шен алды
Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институты:
1) Есенбаев Мирас Сүлейманұлы
2) Әшім Ақыл Ермұратұлы
Құрлық әскерлері әскери институты:
3) Аманалы Айдәулет Медетұлы
4) Саткеев Әділ Марғұланұлы
ҰҚК Шекара қызметі академиясы:
5) Бекболатов Ержан Бекболатұлы
6) Бірлік Бауыржан Жанатбекұлы
ІІМ Б.Бейсенов атындағы Қарағанды академиясы:
7) Темірбеков Самат Талғатұлы
8) Бақтиярова Дана Асланқызы
Ұлттық ұлан академиясы:
9) Тілеген Өмір Русланұлы
10) Керімбеков Ерболат Сұлтанұлы
ТЖМ М.Ғабдуллин атындағы Азаматтық қорғау академиясы:
11) Полатов Ербағлан Еркінұлы
12) Бакирамов Дихан Нұрланұлы