Мешіттерде жұма намазын оқуға рұқсат берілді

0
578

7 мамырдан бастап Қазақстандағы мешіттер аумағында жұма намазы оқылады. Бұл туралы ҚМДБ ресми сайты хабарлады.

ҚМДБ сайтының хабарлауынша бұл қарар бас мемлекеттік санитар дәрігер Ерлан Қиясовтың 30 сәуір күнгі жаңа қаулысында жарияланған.

Қаулыда жұма намазын топпен оқу үшін өңірлердің “жасыл аймақта” болуы керектігі көрсетілмеген. Бұған дейін тек 7 күн бойы “жасыл аймақта” орналасқан барлық аймақта намаз оқуға рұқсат етілген еді.

Алайда, ережеде құлшылыққа келген адамдар намазды тек мешіт ауласында және маска режимі мен 4 метр қашықтықты сақтай отырып оқи алады.

Қаулыда: “Мешіттер, православие шіркеулері және басқа да діни объектілер аумағында ұжымдық діни іс-шараларды (оның ішінде «жұма намазы», күнделікті православиелік дұғалар және басқаларын) ашық ауада өткізу маска режимі мен бір адамға кемінде 4 метр есебінен әлеуметтік қашықтық сақталған кезде жүзеге асырылады” – делінген.

Қаулы 2021 жылғы 3 мамырда сағат 00:00-ден бастап күшіне енеді.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз