Миллионға алып мүсін

0
541
Эльдар Үстеміровтің суреттері

Алматының орталығында орналасқан тиін мүсінінің құны айқындалды.Tengrinews.kz таратқан ақпарға сәйкес, инсталяция “Атакент” көрмесінің алдына  орналастырылған.

FUNK әлеуметтік шешімдер агенттігінің жетекшісі Майра Измайлованың сөзінше, тиін мемлекет пен FUNK компаниясының бірлесіп жасаған жобасы.

Эльдар Үстеміровтің суреттері

“Тиін мүсінге мемлекет тарапынан бөлінген қаражат құны – 15 миллион теңге. Мүсіннің жалпы құны – 23 миллион теңге. Бұл төртқабатты үй, бұл 15 тонна болат, үш тонна ағаш, үш тонна сабан, сондай-ақ суретшілерге берілетін қаламақы, ұшып-қонулары, логистикалық жұмыстар, PR, жартыжылдық орасан зор еңбек. 23 миллион теңге анау айтқандай ірі қаражат деп есептемеймін”, – дейді FUNK әлеуметтік шешімдер агенттігінің жетекшісі М. Измайлова.

Өз кезегінде суретші Александр Ринслер не себептен мүсін ретінде тиіннің таңдалғанын түсіндірді. Суретші әр түрлі қалаларға осындай инсталяция орнату арқылы жануарлардың қалаларға шамамен 100 жыл көлемінде ойысқанын көрсетпек ниетте.

Инсталяция уақытша орнатылған, шамамен 9 ай көлемінде тұрады.

Бұған дейін суретшілер тиіндер қала тұрғындарының өмірінен көрініс береді деген еді.

Суретші Алекс Ринслердің сөзінше, тиін бақтар мен саябақтарда мекендейтін адамдардың жақын көршісі, тиін дәл адамдар сияқты үнемі қозғалыста болып, өзгеріп отыратын тіршілік ортасына бейімделуі қажет. “Сондай-ақ тиін зұлым хайуан емес, сүйкімді жаратылыс иесі. Алматылық тиін өз кезегінде қолына емен жемісін ұстап тұрады, бұл болашаққа деген үміт пен марапат”, – дейді суретші.

Тоғыз ай өткеннен кейін тиін мүсіні бөлшектенеді деп хабарланады.

Сафина Саид

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз