Си Цзиньпиннен араб әлеміне үндеу

0
102
дереккөзден

ҚХР Төрағасы Си Цзиньпин сейсенбіде араб елдерін бейбітшілік пен әділеттілік идеалдарын бірлесіп насихаттауға, сондай-ақ ғаламтордағы экстремизм мен өшпенділікке қарсы күрес жүргізуге шақырды.

РИА Новости таратқан ақпарға сәйкес, Бейжіңдегі қытай-араб ықпалдастығы форумы сыртқы істер министрлерінің сегізінші кездесуінің ашылу салтанатында сөз алған ҚХР Төрағасы “Дұрыс киберқуат және кибермәдениет ортасын құру, ғаламтордағы экстремистік контентке сондай-ақ ғаламтор көздері арқылы өшпенділік тудыратын басқындық мәмілелерге бірлесе қарсы тұру өте маңызды” , – деп атап өтті.

Си Цзиньпин өз сөзінде Қытай және араб елдері өзара таным тұрғысын әрдайым дамыту отыру қажеттігін алға тартып, өркениет үнемі өзара қарым-қатынастың құралы болып қалатынын алға тартты.

Қытай Төрағасы араб және қытай өркениетін бір-біріне қолдау көрсетудегі ұзын-сонар тарих біріктіретінін атап өтіп, қазір бір-бірінен күш және ақылмен қаруланатын кезең екенін тілге тиек етті.

Сафина Саид

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз