Нұр-Сұлтан халқының саны екі есе өсті – Статистика бюросы

0
399
Астана қаласы.

Ұлттық статистика бюросы елорда халқының санының екі есе өскенін мәлімдеді, деп хабарлайды Kazaknews.kz тілшісі.

2009 жылы жүргізілген санақтан бері Нұр-Сұлтан тұрғындарының саны екі есеге артып, 1,23 млн адамды құраған (2021 жылғы қыркүйекте). Алдыңғы санақ қорытындысы бойынша қалада 619 мың адам тұрған.

Республикалық маңызы бар басқа қалалардағы халық саны да айтарлықтай өскен. 2021 жылғы санақ қорытындысы бойынша Алматыда халық саны 2,03 млн адамды құрап, мегаполис тұрғындары 630 мың адамға көбейген. Шымкент қаласының халқы 430 мың адамға өсіп, 1,1 млн тұрғынды құраған.

2021 жылғы санақ қорытындысы негізінде ағымдағы деректерді қайта есептеуден кейін 2022 жылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша қалалардағы халық саны келесідей:

Нұр-Сұлтан – 1 328 535
Алматы – 2 135 365
Шымкент – 1 179 045

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз