СДУ-ға жаңа ректор тағайындалды

0
1,024
Әлімжан Игенбаев.

Сулейман Демирель университетінің ректоры болып Әлімжан Игенбаев тағайындалды. Бұл жөнінде университеттің баспасөз қызметі хабарлады.

Әлімжан Бекежанұлы Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік университетін, Қырғызстан Халықаралық Университеті мен Астана Халықаралық Университетінің магистратурасын бітірген.

Бұған дейін “Білім Орда” ХҚҚ президенті, Астана Халықаралық Университеті вице-президенті, USTAZ PLC кәсіби жетілдіру орталығының директоры қызметтерін атқарған. Қазақ, ағылшын, түрік, орыс тілдерін меңгерген.

Білім ісінің үздігі төс белгісінің иегері, білім саласындағы басқару ісінің маманы.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз