Қазақстандық спортшы үстел теннисінен Азия чемпионатының қола жүлдегері атанды

0
223
Алан Құрманғалиев. Photo: Olympic.kz

Алан Құрманғалиев үстел теннисінен Азия чемпионатының медалін жеңіп алған алғашқы қазақстандық атанды. Бұл жөнінде Ұлттық олимпиада комитеті хабарлады.

Лаостағы жасөспірімдер мен кадеттер арасындағы Азия чемпионатында 15 жасар Құрманғалиев Сангуанвонг Ксайпасеутты (Лаос), Аукадеччайкула Ситтипольді (Таиланд), Прадхивадхи Бхаянкарама Абхинандханы (Үндістан) жеңді.

Жартылай финалда ол жапондық Такума Танимотодан жеңіліп, қола медальға ие болды.

Айта кетейік, спортшыны Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев телефон арқылы құттықтады.

“Мемлекет басшысы бұл жетістіктің ел спорты үшін тарихи маңызын айтып, Аланның шеберлігіне алғыс айтып, келешекте жаңа жарқын жеңістерге жетуіне тілектестік білдірді”, – делінген Ақорда баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз