Түркіменстан Түркиядан өз азаматтарына виза режимін енгізуді сұрады

0
184
Түркіменстан және Түркия сыртқы істер министрлері. Photo: Aa.com.tr

Ашғабат Анкарадан Түркияға баратын түркімен азаматтрынан виза талап етуді сұрап отыр. Бұл туралы Түркіменстанның сыртқы істер министрлігі хабарлады. Түркімен билігінің бұл қадамы Түркиядағы түркімен құқық қорғаушыларының санын азайту амалы деп қарастырылып жатыр.

Түркіменстан СІМ ақпаратына қарағанда, “Түркіменстан азаматтарының Түркияда жүру ережелерін жақсарту үшін Анкараға виза режимін енгізу өтінішін жасаған”.

RFE/RL түркімен қызметі егер Түркия виза режимін енгізсе, онда жұмыс істеп жүрген мыңдаған түркімендерге кері әсерін тигізетінін жазды.

Қазіргі уақытта Түркіменстан азаматтары Түркияға визасыз кіріп, 30 күн тіркеусіз жүре алады. Сонымен бірге қазір Түркия еңбек мигранттары үшін де ыңғайлы елдердің біріне айналған. Түркия миграция қызметінің 1 қыркүйектегі дерегіне қарағанда, онда 230 мың түркімен азаматы тұрақты тіркеуде болған. Бірақ бейресми дереккөздер елде заңсыз жүрген түркімен азаматтары көп екенін, олардың саны ресми деректегіден едәуір асып кететінін айтады.

Түркіменстан әлемнің ең жабық, әрі ең қатты репрессиялаушы елдердің қатарына жатады.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз