11 қараша күні астанадағы Железнодорожный елді мекенінің (Алматы ауданы) тұрғыны алғаш рет үйіне газ қосты. Бұл туралы Нұр-Сұлтан әкімдігі хабарлады.
- Железнодорожный елді мекенінде қазіргі таңда 700-ден астам тұрғын техникалық шарт алды;
- Фронт-кеңселерде 3 мыңнан астам адам кеңес алды;
- Газдың бір текше метрінің бағасы 34,6 теңгені.
“Бізге бір түнде 20-ға жуық көршіміз келіп, қарап, қызығушылық танытты. Әуелде көмірден газға ауысуға болатындығына сенімсіздік болды. Қазір бәрі өте қуанышты. Туыстарымыз жазып, қоңырау шалып, газға қосылғанымызбен құттықтап жатыр.”-деді газ қондырған алғашқы үйдің тұрғындары.
Бұдан бөлек Агроқалашық елді мекенінің бір бөлігі, Промышленный, Көктал-2 елді мекендері де жыл соңына дейін үйлеріне газ қондыруға дайындалуда. Қазіргі таңда қажетті құрылыс жұмыстары аяқталып, сынақ деңгейінен өтіп жатыр.
Ішкі газ жүйесінің қауіпсіздігін анықтау үшін Республика даңғылы, 24 мекен-жайы бойынша “Парасат” бизнес орталығы “Қазтрансгаз Аймақ” АҚ кеңсесіне хабарласу қажет.