Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны күн сайын көбеюде

0
89
с источника

Қазақстанда өткен тәулікте 638 адам коронавирус инфекциясын жұқтырып, елде жалпы 119 129 адам вирус жұқтырды. Бұл туралы денсаулық сақтау министрлігі хабарлады.

13 қараша таңертеңгі ақпаратта 638 адам вирус жұқтырып, оның ішінде 261 адам Шығыс Қазақстан облысында. Бұдан бөлек 326 адам індеттен жазылып, барлығы 108 958 адамға жетті. Ал, 6 адам ауру салдарынан қайтыс болып, жалпы 1924 адам өлді.

Қазіргі уақытта коронавирустық инфекциядан 8 247 адам ем қабылдауда. Олардың 437-і жас жеткіншек. Стационарларда 2 924 науқас жатыр. 5 323 адам амбулаториялық жағдайда емделуде.

Жұқтырғандар тізімі аймақтар бойынша:
Нұр-Сұлтан қаласы – 51
Алматы қаласы – 39
Шымкент қаласы – 4
Ақмола облысы – 37
Ақтөбе облысы – 10
Алматы облысы – 16
Атырау облысы – 12
Шығыс Қазақстан облысы – 261
Жамбыл облысы – 7
Батыс Қазақстан облысы – 30
Қарағанды облысы – 17
Қостанай облысы – 53
Қызылорда облысы – 2
Маңғыстау облысы – 3
Павлодар облысы – 49
Солтүстік Қазақстан облысы – 43
Түркістан облысы – 4

Жазылғандар тізімі аймақтар бойынша:
Нұр-Сұлтан қаласы – 45
Шымкент қаласы – 8
Ақмола облысы – 31
Ақтөбе облысы – 10
Алматы облысы – 7
Атырау облысы – 7
Шығыс Қазақстан облысы – 78
Жамбыл облысы – 3
Батыс Қазақстан облысы – 15
Қарағанды облысы – 14
Қызылорда облысы – 16
Павлодар облысы – 42
Солтүстік Қазақстан облысы – 50

Соңғы 24 сағатта коронавирус белгілері бар пневмониның 179 жағдайы тіркелді. Ал жазылғандар саны 65 адам. Осылайша елде пневмонияны 39 724 адам жұқтырып, 29 416 адам жазылған.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз