Нұр-Сұлтанда күн жылынуына байланысты 18 сәуірден бастап жылу беру тоқтатылады. Бұл жөнінде қала әкімдігінің ресми сайты хабарлады.
“Нұр-Сұлтанда «Қаланың жылу беру маусымын дайындау және өткізу қағидаларының» 42-тармағына сәйкес сыртқы ауаның тұрақты орташа тәуліктік температурасы +10 градус және одан жоғары болған кезде күнтізбелік 5 күн ішінде елорданың жергілікті атқарушы органының жылу маусымын аяқтау туралы шешімі қабылданады”, – делінген хабарламада.
Осыған байланысты бесінші күн 17 сәуірге түсетінін ескерсек, 18 сәуірден бастап жылу беруді тоқтату туралы шешім қабылданды.
Бұл шешімнің әлеуметтік нысандарға қатысы жоқ.