Қорғаныс министрлігі әскери парадтың болмау себебін түсіндірді

0
219

15 сәуірде қорғаныс министрлігі Отан қорғаушылар күні мен Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс күніне арналған әскери парад бюджет қаражатын үнемдеуге және басқа да міндеттерді шешу қажеттілігіне байланысты болмайтынын мәлімдеді.

“Атап айтқанда, Қазақстан қарулы күштері бөлімшелерінің жауынгерлік әзірлігі мен ұтқырлығының қажетті деңгейін қолдау, мемлекеттік және әскери нысандарды күзету мен қорғауды қамтамасыз ету жөніндегі тапсырмаларды орындау басым бағыт болып табылады” – делінген хабарламада.

Естеріңізге сала кетейік, осыдан екі күн бұрын қорғаныс министрлігі алдағы мерекелерге байланысты әскери парадтың болмайтынын жариялаған еді.

Оқи отырыңыз: Қорғаныс министрлігі алдағы мерекедегі әскери парад туралы мәлімдеме жасады

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз