26 наурыздан бастап Нұр-Сұлтан қаласында қоғамдық көліктің жүру кестесі өзгереді. Бұл туралы CTS компаниясы хабарлады.
Енді автобустардың жұмыс кестесі 21:00-ге дейін емес, 19:00-ге дейін болады. Сонымен қатар, 28 наурыздан бастап карантиндік аймаққа кіретін қала маңындағы барлық бағыттар тоқтатылады.
Олар: Қосшы, Тайтөбе, Жібек Жолы, Талапкер, Қоянды, Қызылсуат, Ы. Алтынсарин, Нұрлы ауылдары (№№ 301, 302, 303, 304, 306, 307, 313, 314, 319, 320, 321, 322, 326).
“Бүгінгі күнге автобуста қолма-қол ақысыз төлем жасау – 98 пайыз. COVID-19 жұқтыру қаупін азайту мақсатында жолаушыларға ақысыз төлем түрлеріне өтуге кеңес беріледі. Барлық тарифтік жоспарларды және көліктік карталарды біздің кассаларымыздан, RTVM-автоматтарынан, лезде толтыру пунктерінен және City Transportation Systems қашықтық сервистерінен толықтыруға болады. Қашықтан толтыру орындарын, сонымен қатар SMS және QR талаптары www.transcard.kz сайтында көрсетілген. Карантиндік шаралар қатаңдатылған жағдайда, Нұр-Сұлтан қаласында коронавирус жұқпасының таралуын болдырмауға арналған жедел штабымен қоғамдық көлікті толықтай тоқтату туралы мәселе көтерілуі мүмкін”, – деп атап өтеді компаниядан.
Шектеу шаралары мен өзгерістер карантин аяқталғанға дейін жалғасады.